Ссылки доступа

Шолпан атада қырғыз-өзбек шекарасын демаркациялау процесі талқыланды


13-19 тамызда Ыстық көл облысы Шолпан атада қырғыз-өзбек демаркация комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тараптар демаркациялық жұмыстың процесін талқылаған. Кездесу соңында тиісті қаулыға қол қойылған.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы 1314 шақырымды алып жатыр. Былтыр қараша айында екі елдің президенттері 30 жылдан аса дау болып келген шекараны белгілеу мәселесіне нүкте қойылғанын айтқан. Тараптар даулы 312 шақырым жерді өзара келісіп, шешкен.

Дегенмен Кемпірабад су қоймасының жері Өзбекстанға берілгені қырғыз қоғамында наразылық туғызған. Отыздан астам белсенді мен саясаткер наразылық акциясына шыққан. Артынша олардың бәрі ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG