Ссылки доступа

Ферғанада әйел зорлаған бір топ жігіт сотталды


Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда Ферғана облысы Бешарық ауданында биыл наурызда төрт жігіт екі баласы бар әйелді зорлаған. Олардың бірі 9 жылға, екеуі 8 жылға, тағы біреуі 7 жылға сотталды. Іс жабық сотта қаралды.

Биыл маусым айында әлеуметтік желілерде ферғаналық әйелдің видеоүндеуі таралған. Видео авторы екі баланың анасын төрт жігіт зорлағанын, бірақ оларды жауапқа тартпай жатқанын айтқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 21 наурызда А. Й. мен оның таныстары И. Ю., Ж. С. және Б. С. Бешарық ауданындағы ескі сарайға Д. У. есімді әйелді күшпен алып келіп, сол жерде ұрған, сосын бір жігіттің оны зорлап жатқанын видеоға түсірген. Сосын видеоны әлеуметтік желілерде таратам деп әйелді қорқытқан. Қалған жігіттер де екі баланың анасын зорлаған.

XS
SM
MD
LG