Сотқа журналистер кіргізілмеді. Лакат ауылындағы оқиға биыл мамыр айында болған. Онда ауыл тұрғындары жасы кәмелетке толмаған қызды қорғап шыққандарын білдірген. Олардың сөзінше, үш милиционер қызды әйнектері қараңғыланған көлікке салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Қыз айқайлай бастағанда, оның көршілері естіп шыққан. Олар милиция қызметкерлерін қоршауға алып, қызды босатуды талап етіп, видеоға түсірген. Видео әлеуметтік желіге тарап, тұрғындар милиция қызметкерлерін тұтқындауды талап еткен.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі қызды күшпен алып кетпекші болды деген оқиғаны жоққа шығарып, Лакат ауылының тұрғындары үш милиция қызметкерін сабады деген ақпарат таратқан.
Сот отырысына зардап шеккен жәбірленуші қыз бен оның ата-анасы да қатысқан. Өзге тұрғындарды және журналистерді сот залына кіргізбеді.
Өткен аптада Соғды облысының прокуроры Фуркат Хожазода бұл оқиға Лакат ауылында тұратын ер азаматтың әскери міндетінен қашуынан туындағанын айтқан.
"Милиция қызметкерлері жас жігіттің сөйлесіп жүрген қызы бар екенін анықтаған. Олар оны тауып, милиция бөліміне шақырған. Одан соң қызбен бірге жігітке барған. Оқиға сол жерде болған", - деген облыс прокуроры.
Билік бұл тақырыпқа қатысты ауыл тұрғындарына журналистерге сұқбат беруге тыйым салған.