Ссылки доступа

Германия Украинаға бірінші рет "Пэтриот" кешендерін берді


"Пэтриот" зенитті-зымыран кешені
"Пэтриот" зенитті-зымыран кешені

Германия Украинаға бірінші рет америкалық "Пэтриот" әуеден қорғану системасы үшін ракеталарды берді.

Бұдан бөлек Киев дрондарды анықтау системаларын, 40 барлаушы-дрон, 22 миллион оқ-дәрі, 10 "Леопард" танкісін және ондаған соғыс көліктерін алады.

Германия канцлері Олаф Шольцтың айтуынша, 2027 жылға қарай Берлиннің Киевке берген көмегінің көлемі 17 млрд еуро болады. Былтыр Германия Украинаға 14 млрд еуро көлемінде көмек көрсеткен.

24 тамызда норвегиялық басылымдар Осло Украинаға F-16 соғыс ұшақтарын бере бастағанын хабарлаған.

Осыған дейін Дания мен Нидерланд та Украинаға F-16 ұшақтарын беретінін білдірген.

Америкалық басылымдардың жазуынша, ұшқыштарды оқыту олар ағылшын тілі курсын аяқтаған соң 2024 жылы басталады. Бірақ бірнеше күн бұрын Дания украин ұшқыштарының жаттығуы басталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG