Министрлік мәліметінше, 2023 жылғы 27 қаңтарда Бішкекте қол қойылған хаттама күшіне енді. Бұл құжат көрші елдер үкіметтерінің 2006 жылғы келісіміне өзгерту енгізуді көздеген.
Хаттамаға сәйкес, 1 қыркүйектен бастап Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары көрші елге кіруге, шығуға, екі ел аумағында жүріп-тұруға ID-карталарды қолдана алады.
Бұның алдында сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев биыл төрт айда Қырызстанға Өзбекстаннан 1 миллион 618 мың адам кіріп, Қырғызстаннан 1 миллион 574 мың 732 адам шыққанын хабарлаған.
Екі ел арасындағы визасыз жүйе 60 күнге созылады. Көрші елге кірген азамат бес күн ішінде тіркелуі тиіс.
Екі ел арасында 15 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Олардың дені 2005 жылы Қырғызстандағы саяси оқиғаларға байланысты жабылған. 2016 жылы Бішкек пен Ташкент арасы жақсарған уақытта шекара бекеттері қайта ашыла бастады.