Ол онда ресейлік әріптесімен кездеспекші. Сонымен бірге "Ориенбанктің" төраға орынбасары Шухрат Исматуллоевтың өліміне қатысы бар делінген Дилшод Саидмуродовты ұстап, еліне әкелу шараларын көтермек.
Дилшод Саидмуродов банкирді ұрлап әкетіп, оны өлтірді деген басты күдікті. Кейбір ақпараттарға қарағанда, ол оқиғадан кейін Ресейге қашып кетіп, "Вагнер" жекеменшік әскеріне қосылған. "Дилшоди" лақап атымен танымал күдікті осыған дейін ішкі істер министрлігінде істеген.