Қазақстан 28 қыркүйекке дейін ағаш өндірушілер мен экспорттаушыларға қатысты мәліметтерді Еурокомиссияға беруге тиіс.
Министрлік мәліметтерді беруден және тергеуден қашу қайың фанерасын тасуда 15,8 пайыз деңгейінде ең жоғарғы антидемпингтік салықтарды қолдануға алып келуі мүмкін екенін ескертті. Егер кайың Ресейдікі екені анықталса, бұл шара Қазақстаннан ЕО-ға импортталып жатқан қазақ өндірісіндегі басқа тауарларға да қолданылады.
Осыған дейін ағаш өндірісі Еуропа консорциумы Еуропа комиссиясына қайрылған. Онда Еуроодаққа Қазақстаннан және Түркиядан өте көп мөлшерде кайың фанерасы импортталып жатқаны және оның Ресейдікі болуы мүмкін екені айтылған.
2022 жылдың шілдесінде Еуроодақ ресейлік ағаш өнімдерін, оның ішінде фанераны жеткізуге тыйым салған.
Қазақстан да, Түркия да ешқашан қайың фанераларын шығаратын маңызды елдер болған емес.
Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, 2022 жылдың ақпан айынан бері жергілікті қайың өндірушілер ресейлік ағашты қолданатын болған.