Ссылки доступа

Қытайдан алғашқы жүк пойызы Ташкентке бет алды


29 тамызда Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоу қаласынан Орталық Азияға алғашқы жүк тасу пойызы жолға шықты. Бұл жөнінде "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

"Сяхуаюань" темір жол терминалынан шыққан пойызға көлік тетіктері, тұрмыс техникалары және тоқыма өнімдері тиелген.

Ақпаратқа қарағанда, пойыз Шыңжаң ұйғыр автоном ауданында орналасқан Хоргос порты арқылы өтіп, Ташкентке шамамен 15 күнде жетеді.

"Синьхуа" агенттігінің жазуынша, Пекинге, Шаньси провинциясына және ішкі Моңғолия автоном ауданына жақын орналасқан Чжанцзякоу қаласы ірі жүк тасу нүктесі. Ол арқылы көптеген темір жол және жоғарғы жылдамдықтағы пойыздар өтеді.

XS
SM
MD
LG