«Тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау органдарының бір қызметкерін ұрған. Ол қазір Ош қалалық ауруханасында жатыр. Бұған қоса, адамдардың бір-біріне тас лақтыруынан көп адам жараланған. Ойын өткен жерде екі шатыр тігіліп, медициналық пункт ұйымдастырылды. Сол жердегі дәрігерлерге жүз шақты адам жүгінген. Тас атқылау кезінде «Жедел жәрлем» көлігінің терезесіне тас тиді. Жүргізуші же жараланды. Дәрігерлер оған көмек көрсетті. Қазір оның жағдайы жақсы» дейді министрлік өкілі.
Жылдыз Әйгерчинованың айтуынша, ойын кезінде бір көкпаршы аттан құлаған. Оның миы шайқалған. Көкпаршыны ауруханаға жеткізген. Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда Ош қаласында көкпардан президент кубогының финалы өтті. Жарыс Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Куәгерлердің айтуынша, ойын нәтижесіне көңілі толмаған жанкүйерлер төрешіні ұрған.
ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиевтің мәлімдеуінше, тәртіпсіздік жасағандар жазаланады. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары осы оқиғаны зерттеуге кірісті. Ол аймақаралық араздық туғызуға тырысқандар жазаланатынын ескертті.
Президент кубогы финалында «Достық» пен «Ынтымақ» командалары кездесіп, «Ынтымақ» жарыс жеңімпазы деп жарияланды.