Ата-аналар балаларға алаңдайды, бірақ олар білім алуы үшін алыстағы мектепке жіберуден басқа амалы жоқ. Жергілікті тұрғын Табаррук Ниёзованың айтуынша, балаларға қыста ауыр тиіп жүр.
«Қыста мұнда қатты суық болады. Жел тұрады, жаңбыр жауады. Кішкентай балалар мектепке жетуге қиналады. Биліктен балаларды таситын көлік беруін сұраймыз» дейді ол.
Оның үстіне балалар мектепке бара жатқан жолда Душанбе-Чанақ күре жолынан өтуі тиіс. Жергілікті тұрғындар бұл жолда үнемі жол апаты болып тұратынын айтады.
Бахористон қалашығы 2015 жылы құрылған. Мұнда жүзден астам отбасы тұрады. Бірақ қалада тұрмысқа қажетті инфрақұрылым: жарық, су, мектеп және медпункт жоқ.
Тұрғындар тұрмыс мәселелерін талай мәрте көтерген, бірақ билік уәде берумен ғана шектеліп отыр.
Жаңа оқу жылында Бахористоннан 22 бала мектеп барды.