Ссылки доступа

БҰҰ: орыс әскерінің Украинадағы іс-қимылын әзірге геноцид деп атай алмаймыз


Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) орыс әскерінің Украинадағы іс-қимылын әзірге геноцид деп атай алмайды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Украинадағы заң бұзушылықтар жөніндегі тәуелсіз комиссиясының мүшесі Эрик Мёсе.

"Қазіргі кезде Конвенцияға сәйкес геноцид жасалып жатыр деп талап ететіндей нақты дәлелдер келтіре алмаймыз", - деді Мёсе.

Былтыр қыркүйек айында Мёсе "орыс сарбаздары Украинада әскери қылмыс жасап жатыр" деп мәлімдеген. Олардың арасында "өлім жазасына кесу, азаптау, сексуалдық зорлық-зомбылық, балаларға қарсы қылмыс" секілді оқиғалар болғаны айтылған.

18 қыркүйекте БҰҰ-ның Халықаралық соты Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарайды.

2023 жылдың қаңтарында халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Ресей армиясының Украина аумағында халықаралық заңдарды бұзғанын мәлімдеді.

Тамыз айының соңында БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары басқармасы Ресей Украинаға басып кіргелі 9 мың 500 бейбіт тұрғынның қаза болғанын, 17 мыңнан астам адамның жараланғанын мәлімдеген. Қайтыс болғандардың арасында 549 бала бар. БҰҰ бұл тек құжат жүзінде анықталғаны ғана деген.

XS
SM
MD
LG