Ресейдегі "Адам құқықтары үшін" қозғалысының баспасөз хатшысы Алена Крылова қазір Бішкектің тергеу абақтысында жатыр. Ол 4 маусымда ұсталған.
Крылова Қырғызстаннан саяси баспана сұраған, кейін бұл өтінішін қайтарып алған.
Қазір Қырғызстанның бас прокуратурасы оны Ресейге экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.
Тағы бір ресейлік белсенді Лев Скорякин де Бішкекте ұсталған. Ол Бішкектен саяси баспана сұраған.
Осының алдында Қырғызстаннан орыс әскери бөлімшесін өртеді деп айыпталған Алексей Рожков Ресейге депортацияланған.