Ссылки доступа

Ресейде орман өртеген өзбек мигранттары 60 мың доллар шығынды өтеді


Магадан соты екі өзбек мигрантын абайсызда орман өртеді деп танды. Өртке байланысты қалада төтенше жағдай жарияланған. Бұл туралы Магадан прокуратурасы хабарлады.

Құзырлы мекеме мәліметінше, 2023 жылғы маусымда екі өзбек мигранты «Старая Веселая» ауылында аулада от жаққан. Жел шоқты көтеріп әкетіп, жақын маңдағы орман өртенген. Аймақта төтенше жағдай туындаған. 60 гектар орман өртеніп, 1,8 миллион рубль ($18 мың) шығын келген.

Сот мигранттарды абайсызда орман өртеді деп таныды. Сотта еңбек мигранттары кінәсін мойындаған.

Екеуі де бір жыл мәжбүрлі еңбек өтейді. Жалақының 15 пайызы мемлекет пайдасына ұсталады. Бұған қоса, олардан өрт залалы мен өртті сөндіру шығыны есебінде 6 млн рубль ($61 мың) өндіріп алынған.

XS
SM
MD
LG