Ссылки доступа

Тәжік арнайы қызметі «Ансоруллох» тобының үш содырын өлтіргенін мәлімдеді


Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, «Ансоруллох» тобының үш мүшесі «террористік акт жасау» мақсатында Ауғанстаннан Тәжікстанға заңсыз өтіп жатқан кезде өлтірілді.

Арнайы қызметтің «Ховар» ұлттық агенттігі жариялаған мәліметінше, бұның алдында осы содырлар көрші елден келіп, тауға қару-жарақ, жарылғыштар, ақша және байланыс құралдарын жасырған.

Мәліметке қарағанда, 30 тамызға қараған түні халықаралық террористік ұйымның үш мүшесі тәжік-ауған шекарасынан заңсыз өтіп, Кеврон ауылына қарай жүрген. Алты күннен соң, 5 қыркүйекте, ҰҚМК арнайы жасағының күштері оларды қоршауға алып, берілуді талап еткен. «Содырлар талапты орындамай, бірінші оқ ашты» деп хабарлады комитет.

Қарымда оқтан содырлардың бәрі өлтірілген. Арнайы жасақ зардап шеккен-шекпегені хабарланбады.

Мәліметті тәуелсіз дереккөздер арқылы растау немесе жоққа шығару мүмкін болмай отыр.

XS
SM
MD
LG