Бірнеше апта бұрын Делавар штатының федералдық судьясы Хантер Байден мен проратура арсында сотқа дейінгі келісімді бекітуден бас тартқан. Мұндай келісім жасалған жағдайда президенттің ұлы тапаншаны заңсыз алғаны үшін қылмыстық қудалаудан құтылар еді.
Тапаншаны сатып алу құжатын дайындау кезінде Хантер Байден есірткі қабылдағаны үшін қару ұстау құқынан айрылғанын жасырып қалған.
Президент ұлының есімі шетелдегі табысы үшін салық төлеуден жалтаруға қатысты тағы екі істе аталған. Тамызда прокурорлар осы істер бойынша Байденнің ұлына айып таққысы келетінін мәлімдеген.
Хантер Байденнің адвокаттары айып тағылған жағдайда арнайы прокурордың бұл шешімінің үстінен сотқа шағымдананын айтты.
Сот ісі Джо Байденнің президенттік науқаны барысына кедергі келтіруі мүмкін. Республикашылдар Хантер Байденнің әрекеттерін дербес зерттеп жатыр. Олар президенттің ұлының әрекеттін тергеу тыңғылықты жүргізілмеген деп есептейді.