Консулдық мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте болған. Атыста оққа ұшқан өзбекстандық Стамбұлға Самарқанд қаласынан еңбек мигранты ретінде келген.
Атыс болған жерге жақын маңда жұмыс істейтін 46 жастағы мигрант ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген. Ол сол жерде көз жұмған.
Жергілікті полиция қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына оның сүйегін Самарқанға жеткізуге көмектесті.