«АҚШ билігі мен елшілігінемн келіссөз жүріп жатыр. Жақында тиімді шешім қабылданады. Азаматтарымызға виза беру ісі жеңілдейді, оның мерзімін 5-10 жылға ұзартады. Құдай қаласа, мәселе жақында шешіледі» дейді спикер.
Депутат Сүйінбек Өмірзақов АҚШ-қа оқуға түскен қырғызстандықтар визаны бір жылға ғана ала алатынын айтып, осыған қатысты сауал қойған. Депутаттың айтуынша, студенттер жыл сайын виза ұзарту үшін Қырғызстанға оралуға мәжбүр.
2022 жылғы қыркүйекте Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы елшісі Бақыт Аманбаев Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік Азия және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Брайан Стиммлермен кездесіп, виза беру ісін жеңілдетуді сұраған.
Кейін АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі виза рәсімдеу мерзімін қысқартуға күш салатынын мәлімдеген.