Норвегиядағы Хельсинки комитеті, Human Rights Watch, Freedom For Eurasia және Freedom Now ұйымдары қол қойған 11 қыркүйектегі мәлімдемесінде Насриддиновтің ісінде қылмыстың белгілері жоқ екенін айтып, оны тез арада босатуды талап еткен.
Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" қозғалысының бұрынғы белсендісі Низомиддин Насриддинов 2015 жылдың қазан айынан бері Германияда тұрып келген. Ол биыл қаңтар айында көлік алып-сатып алу мақсатында Беларусь шекарасынан өткен кезде, тәжік билігінің өтініші бойынша ұсталған. Минск оны шілде айында Тәжікстанға экстрадициялады.
Тәжікстанда 35 жастағы Низомиддин Насриддиновқа қарсы "экстремистік іс-қимылдарға ашық шақыру" және "экстремизмді ақтау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кейін бас прокуратура айыпты "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге ашық шақыру" деген бапқа алмастырды.
Бұл бап бойынша Насриддинов үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.