«Бірінші қабатта Мирсаид Миршакардың отбасы, ал екінші қабатта Бока Рахимзаденің отбасы тұрды. Бұл үйде ақын Мұхиддин Фархат, жазушылар Пулод Толис пен Фотех Ниёзи, саясаткер Бободжон Ғафуров, сазгер Зиёдуло Шахиди, әнші Гена Галибова тұрды» деп еске алды әйгілі ақынның қызы Фируза Тұрсұнзаде. Оның айтуынша, ақын «Үнді балладасы» жыр жинағын осы үйде тұрған уақытта шығарған.
Душанбе билігі қала орталығындағы тарихи үйді бұзуға рұқсат берген.
Астанада Тәжікстан халық ақыны Мирзо Тұрсұнзаденің мұражайы жұмыс істейді. Ол 1978 жылы ақын өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйде орналасқан.
Тарихшы Гафур Шерматовтың пікірінше, кейінгі жылдары елде мәдени және тарихи мұраларға ешкім қызықпайды. Ол астанадағы тарихи ғимараттарды сақтап қалу үшін күресуден шаршаған. Өйткені жергілікті билік мұндай мұраны сақтау қажет деп есептемейді.