Ссылки доступа

Самарқанда 14 мың долларға АҚШ-қа жіберем деп алдаған ер азамат ұсталды


Өзбекстанның Самарқанд қаласында ірі көлемдегі ақшаға АҚШ-қа баруға көмектесем деп уәде берген ер азамат ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Құзырлы мекеме мәліметінше, күдікті Самарқанд-Стамбұл-Мадрид-Никарагуа бағытымен АҚШ-қа жіберу үшін 14 мың доллар сұраған.

Ер азамат үш мың доллар алу кезінде ұсталған. Алаяқтық бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Орталық Азия мигранттары Гватемала, Никарагуа және Мексика елдері арқылы АҚШ-қа өтуге талпынып жүр. АҚШ шекарасынан заңсыз өткендер депортацияланып, оларға елге кіруге бес жылға тыйым салынады.

30 тамызда АҚШ президентінің әкімшілігі Өзбекстанда АҚШ-қа адамдарды заңсыз жіберумен айналысқан желі әшкереленгенін мәлімдеген.

АҚШ шекара-кеден қызметінің 2022 жылғы мәліметінше, былтыр шамамен 3200 мың өзбекстандықты шекарада ұстаған. 2021 жылы шекарадан заңсыз өтуге талпынған 700-ге жуық өзбек азаматы анықталған.

XS
SM
MD
LG