Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" қозғалысының бұрынғы белсендісі Низомиддин Насриддинов 2015 жылдың қазан айынан бері Германияда тұрып келген. Ол биыл қаңтар айында көлік алып-сату мақсатында Беларусь шекарасынан өткен кезде ұсталған. Халықаралық ұйымдардың оны босатуды сұрағанына қарамастан Минск оны отанына экстрадициялаған.
Тәжікстанда 35 жастағы Низомиддин Насриддиновке қарсы "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды" деген айып тағылған.
Бұл бап бойынша Насриддинов үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Ресми Душанбе Насриддиновтің ісі бойынша пікір білдірмеді.