Ссылки доступа

Қытай тәліптер режимінде елші тағайындаған бірінші ел болды


Қытай Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін ресми түрде елші тағайындаған бірінші мемлекет болды.

Қытай елшісі Кабулда өткен ресми кездесуде "Талибанның" премьер-министріне сенім грамотасын тапсырды. Дегенмен бұл Қытайдың тәліп үкіметін ресми мойындады дегенді білдіреді ме, әзірге белгісіз.

"Бұл қалыпты жағдай. Қытай елшісін тағайындау екі елдің диалогын және қарым-қатынасын дамытуға бағытталған. Қытайдың Ауғанстанға деген саяси қатынасы анық әрі дәйекті", - деп мәлімдеді Қытайдың сыртқы істер министрлігі.

2021 жылдың тамыз айында "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алғалы бері, бірде бір мемлекет оның билігін мойындаған емес.

"Талибан" қозғалысы көптеген елдерде террористік деп танылған.

XS
SM
MD
LG