Ссылки доступа

Душанбе: Ауғанстаннан есірткіні заңсыз тасушылар тәліптер билігі кезінде көбейді


Ауған контрабандасынан тәркіленген есірткі
Ауған контрабандасынан тәркіленген есірткі

Тәжікстан билігінің мәлімдеуінше, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін есірткі контрабандасы едәуір артқан. Былтыр тәліптер Ауғанстанда көкнәр өсіруге тыйым салғанын, заңды бұзғандар «шариғат бойынша» жазаланатынын мәлімдеген.

Алайда, БҰҰ мәліметінше, елде көкнәр алқаптары одан сайын көбейе түскен.

Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас жатқан Мир Саид Әли Хамадони ауданы билігінің хабарлауынша, кейінгі жарты жылда шекараның осы тұсында ғана көрші елден екі мәрте есірткі өткізбек болғандардың жолын кескен.

«Шекарашылармен атыс кезінде бір ауған контрабандашы өлтірілді. 120 кг есірткі тәркіленді» дейді аудан басшысы Нұрулло Мирзозода.

Соңғы мәрте есірткі өткізуге әрекеттенгендердің жолы 12 қыркүйекте Шәмсиддин Шохин ауданы ауғанда кесілген. Шекара әскері бас басқармасының хабарлауынша, ауған контрабандасы тауарын тастап қашып кеткен.

Ауғанстаннан Тәжікстанға есірткі контрабандасы тәліптер билігі кезінде артқанын тәжік президенті Эмомали Рахмон 14 қыркүйекте Душанбеде Орталық Азия елдері президенттерінің кездесуінде мәлімдеді.

«Мәліметтер соған меңзеп отыр. Еліміздің құзырлы органдары былтыр Ауғанстан шекарасында шамамен 5 тонна есірткі тәркіледі» дейді Тәжікстан басшысы.

Тәжікстанның Ауғанстанмен 1300 шақырымдық ортақ шекарасы бар. Тәжікстан билігі Ауғанстанды айнала «қауіпсіздік белдігін» құру қажеттігін бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG