Ссылки доступа

Батыс Қазақстанда төрт балалы отбасы жол апатынан қайтыс болды


17 қыркүйекте кешке Батыс Қазақстан облысында жеңіл автомобиль жүк көлігімен соғысып, төрт бала мен олардың ата-анасы қайтыс болды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Жол апаты Самара-Шымкент автожолының Бекей ауылы тұсында кешкі сағат 19:30 шамасында болған.

Полиция мәліметінше, DAF жүк көлігі мен Lada Priora жеңіл көлігімен соғысқан. «Апаттан алты адам қайтыс болды: 34 жастағы ер азамат, 35 жастағы әйел және кәмелет жасқа толмаған төрт бала (2012, 2013, 2018, 2022 жылдары туған)» деп хабарлады полиция Telegram мессенджерінде.

Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шекті.

Бас прокуратура мәліметінше, биыл сегіз айда Қазақстанда 8 мыңнан астам жол апаты тіркелген. 1,5 мыңға жуық адам қайтыс болған, 10 мыңнан астам адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG