Олар депутаттардан балаларын еліне экстрадициялауға көмек сұрады.
"150-ден астам ата-ана күніне үкімет есігін қағамыз. Қазір онда балаларымызды Украинаға соғысқа баруға мәжбүрлеп жатыр. Олардың біразы жастықпен бостандыққа шығамыз деп келісіп жатады. Біз оларды тез арада елге экстрадициялауды сұраймыз", - деді Арзыкан Ахунова.
Олар ел президенті мен Жоғарғы сотына да үндеу жасаған.
2023 жылдың соңғы алты айында 35 қырғызстандық экстрадицияланды. Қазір Ресей соттарында 38 қырғыз азаматын отанына қайтару жөнінде шешім шыққан. Жалпы 188 өтініш қаралған.
Былтыр 33 азамат қайтарылған. Ресми мәлімет бойынша, 1077 қырғызстандыққа экстрадициялау жөнінде хат жіберілген. Бірақ олардың 459-ы отанына қайтудан бас тартқан.