"Бізді жібермей жатыр. Себебін де түсіндірмейді. Бізге көмектесіңіздер. Шекарада бірнеше шақырым жерге дейін кептеліс. Жақын жердегі дүкен 20 шақырым қашықтықта",- деп видео үндеу жасаған тәжік азаматтары.
Шекарашылар соңғы "бұйрыққа" сәйкес, шекарадан тек Ресей мен Беларусь азаматтары ғана кесіп өте алады деген.
Беларусьтағы Тәжікстан елшілігі бұл жағдайдан хабардар екенін жеткізген. Қазір қолдан келгенше, көмек көрсетіп жатырмыз дейді.
Ал Ресейдегі Тәжікстан елшілігі Озоди радиосына шекарада тұрғандар еңбек мигранттары емес, кәсіпкерлер екенін атап өткен.
"Олар Литвадан көлік алады да, оны Тәжікстанға, Ресейге апарып сатады. Олар Псков облысындағы халықаралық шекара бекетінен өтуі тиіс. Бірақ олар беларусь және орыс азаматтары ғана өтетін шекара бекетінде тұр", - дейді Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі.
Тәжікстанда көбінде қолданыстағы көлікті Еуроодақ, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ, сонымен бірге Балтық елдерінен Беларусь және Ресей арқылы әкеліп сатады.
Ал бұл уақытта Польша Ресейде тіркелген көліктерді елге кіргізуге тыйым салды. Осыған дейін ресейлік нөмірі бар көліктерге Финляндия, Латвия, Эстония және Литва тыйым салған.