Қалалық милиция мәліметінше, 2014 жылы Чиназ ауданының 1969 жылы туған тұрғыны Т. Ю. «қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзатын материалдар дайындау», «Өзбекстан конституциялық құрылымына қауіп төндіру» баптары негізінде сотталып, жазасын өтеген соң, әйелі мен үш баласы, келінімен бірге Ресейден көшіп кеткен.
Ресейде олардың бәрі халықаралық террористік ұйымның ықпалына түскен, жастар арасында Сирияға көшу жөнінде насихат жүргізген, кейін өздері де сонда кеткен. Олар Сириядағы содырларға қосылған, отағасы сонда аспаз болып істейді. Отбасының барлық мүшесіне халықаралық іздеу жарияланып отыр.
Кейінгі уақытта Өзбекстан ішкі істер органдары Сирияға барып, содырларға қосылғандар туралы жиі мәлімет таратып тұр. Мысалы, қыркүйектің басында Ташкент милициясы "Катибат ул Имам әл-Бұхари" халықаралық террористік ұйымның негізін қалаушы Ұлықбек Бобомұродов Сирияда ұрыс кезінде өлгенін хабарлаған.
Мәліметтерге қарағанда, Сирия мен Иракта содырлар сапында кем дегенде үш мың өзбекстандық соғысып жүр.