Қалалық сот алғашқы сот инстанциясының шешімін өзгертпеді. Биыл маусым айында Бішкектің 1-май аудандық соты Эмиль Бекиевті кінәлі деп танып, оны алты жылға соттаған.
Сот актісінінен мәлім болғандай, Бекиев сот процесі кезінде кінәсін мойындамаған, Интернетте жарияланған видеолар қоғамдық-саяси жағдайды ушықтырмайды, билікті басып алуға үндемейді деп мәлімдеген.
Белсенді Эмиль Бекиев 2022 жылғы қыркүйекте Қырғызстаннан Ресейге депортацияланды. Оған жаппай тәртіпсіздікке, билікті басып алуға үндеді, араздық туғызды деген айыптар тағылған. Арнайы қызмет Бекиев «араздық туғызатын» мақалаларды фейсбуктегі парағына үнемі жариялап отырды деп мәлімдеді.
Блогер Эмиль Бекиев Қырғызстан билігін сынайтын видеолар жариялау арқылы танылған. Ол «Бүтін Қырғызстан» партиясына мүше болған.