Алайда комитет жиналысына көп адам жиналмауына байланысты бұл мәселе күн тәртібінен түсіп қалды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға және Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді қарастыратын құжатты «шетел өкілдері туралы» заң жобасы деп атап кеткен. Оны 2022 жылы Жогорку Кеңеш депутаты Надира Нарматова ұсынған. Автор заңнамаға «шетел өкілі» түсінігін енгізуді сұраған. Одан соң бұл бастамаға 30-ға жуық депутат қосылған, бірақ кейін бірнешеуі бас тартқан. Бұның алдында үкіметтік емес ұйымдар коалициясы мен БАҚ заң жобасы авторлары мен оларды отбасы мүшелерін АҚШ пен Еуропа елдеріне кіруге шектеу қоюды сұраған.
«Әділет» заң клиникасы заң жобасы «Конституция мен халықаралық құқық құжаттарын бұзады» деп есептейді. Халықаралық ұйымдардың бірқатары Бішкектен мұндай заң қабылдамауын сұраған.