20 қыркүйекте шекарадағы жүргізушілер "Озоди" радиосына Өзбекстанның Сурхандария облысындағы "Сариасия" шекара бекетінде көлік кептелісі пайда болып, оның ұзындығы 5 шақырымды құрағанын мәлімдеді. "Сариасия" кеден бекеті Тәжікстанның Турсунзаде қаласындағы "Дусти" кеден бекеті жанында орналасқан.
Кәсіпкерлер мен жүк тасушы көліктердің жүргізушілері өзбек-тәжік шекарасында тұра беріп, ірі шығынға ұшырап жатқанын айтады.
Турсунзаде қаласындағы "Дусти" кеден бекетінің қызметкерлері шекарада көлік кептелісте екенін растап, кезек күтулер "көліктердің құжаттарын тексеруге байланысты" туындап жатқанын жеткізген.
Бұл арада тәжік билігі 2 қазаннан бастап 2013 жылға дейін шығарылған көліктерді елге кіргізуге тыйым салған шешім шығарғаннан бері көліктер кептелісі көбейген.