Ссылки доступа

Ташкентте хорезмдік педофилдер ісі қайта қаралады


19 қыркүйекте Ташкент қалалық сотының апелляциялық сот алқасы хорезмдік шенеуніктердің балалар үйіндегі жас қыздарды зорлау оқиғасына қатысты іс бойынша тыңдауды қайта жалғастырды.

Бұл туралы жәбірленуші қыздардың бірінің жақындары хабарлады.

Хорезм облыстық әділет басқармасының бұрынғы басшысы мен Янгиарық аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы басшысына жасөспірімдерге қарсы жыныстық қылмыс жасады деген айып тағылды. Бұл іс Хорезм облыстық прокуратурасына қайта тергеуге жіберілген уақытта қосымша айып тағылмаған еді.

Бұның орнына прокуратура зорлық құрбандарынан балалар үйінің жетекшісіне қарсы куәлік алған. Сотталушылардың туыстары сот шешіміне қарсы болған, бірақ іс алғашқы айыптармен қайтарылған.

Сотталушылардың адвокаттарының пікірінше, балалар үйінде тәрбиеленушілер жергілікті шенеуніктерге қарсы жалған куәлік берген.

Хорезмдегі қылмыс көпшілікке мәлім болған уақытта Жоғарғы сот пен бас прокуратура айыпталушылар ұсталғанын мәлімдеген.

Алайда жәбірленушілер құзырлы органдардың мәлімдемелерін жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, айыпталушылардың ешқайсы бір күн де түрмеде отырмаған. Жәбірленушілер үкіметтік мекемелер қоғамды тынышталдыру үшін жалған ақпарат таратты деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, Хорезм облысының Үргеніш қаласында екі жыл бұрын балалар үйінің меңгерушісі үш тәрбиеленушіні жергілікті шенеуніктердің астына салып беріп, сол арқылы мекеме мәселелерін шешуге тырысқан. 2021 жылғы мамырдың басында ол 15 жастағы қызды шенеунікпен төсектес болуға мәжбүрлеген, оның кішкентай інісін ұрған. Бұл оқиға екі жыл бұрын наурыз айында Nemolchi.uz жобасында баяндалды.

Екі шенеунік Азиза мен басқа да қыздарды зорлаған. Олар бұл әрекетін мемлекетке қарасты пәтерлерде ғана емес, балалар үйінде де жасаған. Жәбірленушінің ең жасы 15-те екеніне қарамастан, зорлау кем дегенде 10 ай бойы үзілмеген. Айыпталушылар сотта қыздарды төсектес болуға ешкім мәжбүрлемеді деп мәлімдеген.

2022 жылғы қыркүйекте Хорезм облысы Хиуа аудандық соты балалар үйінің меңгерушісі Юлдуз Хубайбергеноваға, сонымен бірге Айбек Машарипов пен Әнуар Курязовқа үкім шығарды. Худайбергенова 5,5 жылға сотталса, бұрынғы екі шенеунік 1,5 жылдан алды.

Қоғам сот үкімін сынады, ал Өзбекстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Комил Алламжонов педофилдерге химиялық кастрация жасау жазасын қолдану үшін заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды.

XS
SM
MD
LG