Ссылки доступа

Өзбекстанда мектептер мен балабақшаларда 70-тен астам бала уланып қалды


Өзбекстанда Наманган облысы Чуст ауданында 71 бала уланған деген күдікпен ауруханаға түсті. Бұл туралы 21 қыркүйекке қараған түні денсаулық сақтау министрлігі басқармасының басшысы Аброрбек Әлижонов хабарлады.

Балалардың әзірге нақты неден уланғаны белгісіз. Тексеру жүріп жатыр.

«Жағдай әлеуметтік желілерде сипатталғандай аса қорқынышты емес. Балалардың көбін дәрігерлер қарап, үйге жіберді. Тексерулер аяқталған соң ресми ақпарат таратамыз» дейді шенеунік.

Бұның алдында Наманган облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Иминов 21 қыркүйекте тоғыз балабақшағы балалар мен екі мектеп оқушысының ауруханаға түскенін хабарлаған. Олардың ыстығы көтерілген, іші өткен, жүрегі айныған.

Қазір тоғыз баланың үйге қайтқаны мәлім, қалғандарын дәрігерлер бақылап отыр.

Ата-аналар балаларға йод дәрісін бергенін айтқан. Осы аптадан бастап әр сәрсенбіде Өзбекстанда балаларды йодтау бағдарламасы жүргізіледі. Мамандар йодтан уланы нұсқасын да тексеріп жатыр.

Бұның алдында тегін йод дәрілері елдегі балаларға таратылатыны хабарланған.

Өзбекстандағы телеграм-арналар уланған бала саны билік таратқан мәліметтен әлдеқайда көп екенін жазды.

Бас прокуратура уст ауданында төтенше жағдай жарияланды деген мәліметті жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG