Бұл туралы Азаттыққа саясаткердің адвокаты Майрамбек Жумабеков мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, осыған дейін Чыңгыз Абдымомунов атты адам 2015 жылы “Бүтін Қырғызстан" партиясына 50 мың доллар бергенін айтып, оны қайтарып алуды талап етіп, милицияға арызданған.
"Адахан Мадумаров "одан бері сегіз жыл өтті. Мен ешнәрсе білмеймін. Біздің партия ақша жинамайды. Үміткерлерден ақша алу партия жарғысында жоқ" деп айтты", - дейді Мейрамбек Жұмабеков.
Адахан Мадумаров 2 қыркүйекте қамалған. Оған "Мемлекетке сатқындық жасады" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.