Ссылки доступа

Тәжікстанда бір айда он адамға генерал атағы берілді


Биыл қыркүйекте Тәжікстанда он адамға генерал атағы берілді.

Генерал атағын беру жөніндегі жарлыққа Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 7 қыркүйекте қол қойған.

Жарлыққа сәйкес, қаржы бақылау және коррупцияға қарсы күрес агенттігі тағы үш генералды болды.

Генерал-майор атағы Тәжікстанның бас прокурорының орынбасары Икром Зоирзодаға берілді.

Сонымен бірге қорғаныс министрлігінде төрт полковник генерал-майор болды.

Ішкі істер министрлігінде есірткіні заңсыз тасымалдауға қарсы күрес басқармасының басшысы Бахтиёр Назарзода мен ІІМ-нің Хатлон облысы бойынша басқарма басшысы Файзулло Нозимзода да генерал атағын иеленді.

Жыл сайын Тәжікстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында қауіпсіздік және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне әскери атақтар беріледі.

Тәжік оппозициясы генералдық атақты елге сіңірген еңбегі үшін емес, қазіргі режимге қызмет етіп жатқаны үшін алады деп сынап келеді.

XS
SM
MD
LG