Ссылки доступа

Қырғызстан зорлық-зомбылыққа қарсы мобилді қосымша шығарады


Ішкі істер министрлігі (ІІМ) зорлық-зомбылыққа қарсы әйелдерге тез жәрдем беруге бағытталған мобилді қосымшаны істеп шығады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, “Кадес” деп аталған қосымшаны Түркияның ішкі істер министрлігі ұсынған. Смартфонға жүктелген бұл тіркеме арқылы зорлық-зомбылық, аңду, әртүрлі қиындыққа тап болған қыз- келіншектер милицияға хабар беріп, геолокация жібере алады.

20 қыркүйекте Шу облыстық милициясы Селекция ауылында 36 жастағы әйел пышақталып, ауруханаға түскені жайлы мәлімет келген. Күдікті ретінде 39 жастағы А.Э. уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Зорлыққа тап болған келіншекке сегіз сағат бойында операция жасалған. Қазір жағдайы орташа ауыр.

Ресми мәліметке сәйкес, Қырғызстанда әрбір төртінші әйел зорлық-зомбылыққа тап болады. 98% күйеуі айыпты екені дәлелденген. Қырғызстанда отбасылық зорлық-зомбылықтан 20 әйел қаза болғанын, жыл сайын 10 мың әйел зомбылыққа тап болады.

XS
SM
MD
LG