ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, "Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне терроризмді насихаттап, діни алауыздық қоздыру мен террор топтың әрекетіне қатысу фактісі" бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталған.
"Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды" дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
Сот үкімі 2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енген.
ҰҚК ақпаратында сотталушының аты-жөні, жасы туралы мәліметтер айтылмаған. Оның өкілдерімен сөйлесуге мүмкіндік болмады.