Ссылки доступа

Қырғызстан ұн мен бидай экспортына тыйым салды


Қырғызстан үкіметі ұн мен бидай экспортына тыйым салуды қарастыратын қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, бидай ұны мен бидайды сыртқа шығаруға шектеу алты айға созылады. Мұндай шешім азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтағы бағасын тұрақты түрде ұстап тұру мақсатында қабылданды.

Құжатқа 22 қыркүйекте қол қойылған. Үкімет қаулысы үш күннен соң, яғни 25 қыркүйекте ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG