Ссылки доступа

 
Тәжікстан өңірлердегі бірнеше әуежайды қорғаныс министрлігіне берді

Тәжікстан өңірлердегі бірнеше әуежайды қорғаныс министрлігіне берді


Тәжікстан қалалық және аудандық басқармалар қарамағындағы бірнеше әуежайды қорғаныс министрлігіне өткізді.

Президент Эмомали Рахмон тиісті жарлыққа 31 тамызда қол қойған. Азаттықтың Тәжік қызметі құжаттың көшірмесін 25 қыркүйекте ғана алды.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан шекарасына жақын маңдағы Исфара әуежайы қорғаныс министрлігі басқаруына өтеді.

Бұған қоса, қорғаныс министрлігі Ауғанстанға жақын орналасқан Фархор және Хамадани аудандарындағы әуежайларды басқарады.

Үкімет министрлік шенеуніктеріне әуежайларды жөндеп, әскери қызметке жаратуды тапсырған.

Билік мұндай шешім не себепті қабылдағанын түсіндірмеді. Тәжік сарапшысы Амон Асрордың айтуынша, азаматтық авиация кейінгі он жылда жергілікті әуежайларды дұрыс дамыта алмаған.

«Тәжік әуе компанияларын халықаралық жолаушы тасымалы көбірек қызықтырады. Содан табыс табады. Жергілікті әуежайлар баяғыда істен шыққан» дейді сарапшы.

Душанбе маңындағы «Айни» әуежайы Тәжікстанның әскери әуежайы ретінде белгілі. Бірнеше ел оны жалға алып, сол жерде әскери әуе базасын құрғысы келеді. Солардың бірі Үндістан екені мәлім. Бірнеше жыл бұрын ол әуежайды жөндеу үшін Үндістан 70 млн доллар инвестиция бөлген.

XS
SM
MD
LG