Ссылки доступа

Өзбекстан базарлары мен саябақтарда адам жүзін танитын камералар орнатылады


Өзбекстанның ірі базарлары мен саябақтарда және үлкен көшелерде адамдардың жүзін танитын камералар орнатылады. Бұл туралы елдің Ұлттық гвардия басшысы Рустам Жураев мәлімдеді.

"Қосымша видео камералар Біріңғай мониторинг орталығымен интеграцияланады. Мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт және төтенше жағдайлардың алдын алу",- деді Жураев.

Ол жеке адамдар тарабынан ғимараттар мен үйлердің кіре берістеріне орнатылған видеокамералардың мәліметтерін ішкі істер органдарының аймақтардағы бөлімшелеріне жіберіп тұруға бағытталған Е-Hamkor бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтті.

"Шағын аудандардағы жекеменшікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды жасау ықтималдылығы жоғары нысандарға тұрақты байқау жүргізіледі", - деді Жураев.

Ішкі істер министрлігі 2 маусымнан бастап Қырғызстан аймағында ТМД-ға мүше елдер арасында іздеу салынған адамдарды видео бақылау арқылы танып, анықтау жүйесі істей бастағанын мәлімдеді.

Былтыр қырғыз билігі "Қауіпсіз қала" бағдарламасы аясында қоғамдық жерлерде жалпы 2177 видеокамера орнатылғанын, олардың арасынан адамды түрінен анықтай алатын 519 камераны ІІМ-нің басқару орталығында тұрақты бақылап отыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG