Ссылки доступа

Екатеринбургта саяси тұтқын ретінде танылған тәжік азаматының соты басталады


Екатеринбургта терроршылық, қару-жарақ сақтау және жарылғыш заттарды дайындау бойынша айыпталған тәжікстандық азаматтың ісі сотқа өтті.

30 жастағы Бехруз Ганиев пен тағы екі айыпталушы Хамид Датаев және Артем Ватрюдың ісі бойынша тергеу 2020 жылдан бері жалғасып келеді. Қамалғандар және олардың туыстары қылмыстық әрекет жасамадық дейді.

"Саяси тұтқындарды қолдау. "Мемориал" жобасы үшеуін саяси тұтқын ретінде таныған.

Бехруз Ганиевтің анасы Файзинисо Ганиева 26 қыркүйекте Озоди радиосына ұлының соты Екатеринбург қаласындағы сотта 5 қазанда басталатынын айтты.

2020 жылы сәуірде Ханты-Манси автономиялы округқа қарасты Лянтор қаласында полиция Бехруз Ганиевті, Хамид Датаевты және Артем Ватрюды жарылғыш зат табылды деп қамауға алған. Олар мұның әдейі салынғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG