Ссылки доступа

Тәжікстанда сарбаз құрт ауруынан қайтыс болды


Тәжікстанда әскерге шақырылған 19 жастағы жауынгер Рудаки ауданындағы құрт аурулары ауруханасында қаза болды.

Мерожиддин Ражабов бес ай бұрын әскерге шақырылған.

Оның денесі 21 қыркүйекте туыстарына берілген.

Туыстарының айтуынша, әскери бөлім жетекшісі Мерожиддин пневмониядан қаза болды деп хабарлаған.

Марқұмның әкесі ұлының осыған дейін ешқандай аурумен ауырмағанын айтады.

Тәжік үкіметі БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитетіне жіберген баяндамасына сәйкес, 2019-2021 жылдар аралығында 100-ден астам жауынгер зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын білдірген.

XS
SM
MD
LG