Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": абақтыдағы төрт саясаткерің қорғаушылары халықаралық ұйымдарға шағымданды


Кемпірабад ісі бойынша Бішкектің №1 тергеу абақтысында жатқан оппозициялық саясаткерлер Равшан Жээнбеков, Азимбек Бекназаров, Жеңиш Молдокматов және Кубанычбек Кадыровтың адвокаттары халықаралық ұйымдарға шағымданды.

Азимбек Бекназаровтың қорғаушысы Эркин Саданбеков жариялаған хат БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне, Human Rights Watch (HRH), Amnesty International халықаралық ұйымдарына және Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұлттық орталыққа жолданған.

Онда күдіктілер №1 тергеу абақтысының жертөлесіне қамалып жатқаны, ол жерде ауаны тазарту жүйесі жоқ екенін және еденнің сыз екені айтылған.

Қыркүйектің басында Жазаны атқару қызметі Кемпірабад ісі бойынша абақтыда отырған төрт саясаткерді №1 тергеу абақтысының жертөлесіне аударғаны мәлім болған.

Жазаны атқару қызметі азаптау туралы мәліметті теріске шығарып, күдіктілер басқа адамдардай жағдайда қамалып жатқанын жеткізген.

11 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев саясаткерлердің наразылығына қатысты түрме заң бұзғандарды тәрбиелеу үшін құрылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG