Ссылки доступа

Бішкек орталығында митинг өткізуге салынған тыйым тағы үш айға созылды


Қырғызстан астанасында бейбіт жиындар өтетін орындарға шектеу енгізу туралы шешім мерзімі тағы үш айға ұзартылды.

Бішкектің 1-май аудандық сотының 29 қыркүйекте қабылдаған шешіміне сәйкес, 28 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін қала орталығында митинг өткізуге тыйым салынады.

«Ала-Тоо» алаңы мен оған қосылатын Еркіндік бульварынан Шу даңғылына дейінгі аралықта, сонымен бірге Жогорку Кеңеш пен президент әкімшілігі, Жоғарғы сот және ҰҚМК ғимараттары, Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында, Панфилов атындағы саябақ пен Тұрсынбаева атындағы шағын саябақта жиын өткізуге болмайды.

Бейбіт жиынды Горький атындағы шағын саябақта ғана өткізуге рұқсат.

Бішкек тұрғындары қала орталығында бейбіт жиын өткізе алмай келе жатқанына бір жарым жыл болды. 2022 жылғы наурызда 1-май аудандық соты алғаш рет осындай шектеу енгізген.

XS
SM
MD
LG