Бұның алдында тәжік оппозициясы өкілдерінің бірі көлік компаниясы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның күйеу баласы Шамсулло Сохибовқа тиесілі екенін айтқан. Компания өкілдері бұны жоққа шығарып отыр.
Тәжікстан салық комитетінің төрағасы Нусратулло Давлатзода Азаттықтың Тәжік қызметінің сұрағына жазбаша жауап қайтарып, мекеме “Кафолат Воридоту Содирот” компаниясы туралы мәлімет беруді жөн деп санамайтынын айтқан.
«Салық органдары салық төлеушілер туралы мәліметті құзырлы мемлекеттік және сот органдарына ғана бере алады» деп жауап берген салық комитетінің басшысы.
Азаттықтың Тәжік қызметі шағын зерттеу жүргізіп, “Кафолат Воридоту Содирот” компаниясы туралы мәлімет бар бір құжат тапты. Сол құжатқа сәйкес, компаниясы 2006 жылы құрылған, құрылтайшысы Хусейн Зиёев, төрағасы Мавлон Зиёев. Алайда компанияның Шамсулло Сохибовке тиесілі екені туралы мәлімет табылмады.
Шамсулло Сохибов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жеті қызының бірі Рухшонаға үйленген. Рухшона Эмомали қазір Тәжікстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшісі қызметін атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Куляб қаласындағы ірі апат 6 тамызда кешке болған. Жүк көлігіның тежегіші істен шығып, соның салдарынан бірнеше автокөлікті қағып, жол шетіндегі тағы бірнеше тұрғын үйді соққан. Апаттан он бір адам қаза болған.