Ссылки доступа

Бішкекте шауырмадан 21 адам уланып, 15-і ауруханаға жатқызылды


Бішкекте тез тамақтану орындарында 21 адам шауырмаға уланып, олардың 15-і ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қаланың санитарлы-эпидемиологияны бақылау орталығы хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, бұл оқиғадан кейін денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев шұғыл жиналыс өткізген.

"Шу және Сүйінбаев көшелері қиылысындағы "Беш лаваш" және "Мидос" тез тамақтану орындарында болған. Ауырғандар шауырмаға уланған. Жалпы 21 адам зардап шегіп, 15-і ауруханаға жатқызылды. Арасында екі бала бар. Қалған алтауы амбулаторлық емханада. Тамақтану орындарында 72 мың сом айыппұл салынды", - деп жазылған мәліметте.

Қырғызстанда осыған дейін де тамақтану орындарында жаппай улану жағдайлары болған.

XS
SM
MD
LG