Бұның алдында журналист Ботагөз Омаров құтқарушылардан жаңа министр үшін ақша жиналып жатқаны туралы фейсбуктегі парағына жазған.
Автор майор Зуялхан Гасановтың айтқандарына сүйеніп, Түркістан облысындағы құтқарушылар 20 және 50 мың теңгеден жинады деп хабарлаған.
Министрліктің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарып, оны «кезекті арандатушылық» деп сипаттады. Мекеме мәлімдемеде айтылған әрбір жатты тексергенін атап өтті. Министрлік мәліметінше, Гасанов биыл мамыр айында жұмыстан шығарылған, қазір ол азаматтық қорғаныс органдарының құрамында жоқ.
Биыл наурыз айында Түркістан облысы Созақ ауданының өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Зуялхан Гасанов прокуратураға шағымданып, қызметкерлерді «Қазақстан құтқарушылары» журналына жазылуға мәжбүрлеп жатыр деген.
Сырым Шәріпханов министр қызметіне биыл маусым айында тағайындалды. Өткен аптада елдің бірнеше өңірінде төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы ауысқаны мәлім болды.