Ссылки доступа

Түркиядағы терактіден кейін Ирактың күрдтер тұратын ауылына шабуыл жасалды


Түркияның қарулы күші Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы әуе шабуылын жасады. Бұл жөнінде Түркияның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Күрдістан жұмысшылар партиясының 20 нысаны талқандалған.

Күрдтің Rudaw ақпарат агенттігі Ирактың солтүстігіндегі Кандиль таулы аймағына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Түркия әуе шабуылдың мақсаты "Күрдістан жұмысшылар партиясы мен террористік элементтерді жою деп мәлімдеді.

Өткен жексенбіде Анкараның ішкі істер министрлігі ғимаратында белгісіз екі адам өзін жарып жіберген. Екі полиция қызметкері зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG