Олардың мәлімдемесі «Чек Ара» телеграм-арнасында жарияланды.
Тәжікстан ҰҚМК төрағасы Саймүмін Ятимовтің айтуынша, тараптар №44 хаттамаға қол қойды.
«Осы хаттама жүзеге асқан жағдайда, тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалға себеп болған мәселелердің бәрін шешеді. Қабылданған хаттама екі ел басшыларының қалауы жүзеге асып жатқанын көрсетеді» деп мәлімдеді Ятимов.
Қырғызстан ҰҚМК басшысы Қамчыбек Тәшиев те тәжік әріптесінің сөзін қолдады.
«Құдай қаласа, біз жақында мемлекеттік шекараны анықтау жөнінде түпкілікті шешім қабылдаймыз» деді ол.
Қырғызстан мен Тәжікстан қабылдаған хаттама мазмұны әзірге белгісіз.
Қырғызстан мен Тәжікстанның 972 шақырымдық ортақ шекарасы бар. Мемлекеттік шекараны анықтау жұмысы 2002 жылы басталған.