Ссылки доступа

Мирзияев ресми сапармен Ресейге барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 5-7 қазанда президент Владимир Путиннің шақыртуымен Ресейде болады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында екі президент Мәскеуде келіссөз жүргізеді. Мирзияев Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен де кездеседі.

Жүздесулерде стратегиялық әріптестік және одақтас қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады. Мәліметтерге қарағанда, сауда-экономикалық, көші-қон және гуманитарлық салаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Өзбекстан президенті Татарстанға да барып, республика басшысы Рустам Миннихановпен кездеседі.

Өзбек президентінің бұның алдындағы Ресейге сапары 2023 жылғы 8 мамырда болған. Сол кезде Мирзияев Мәскеуде жеңіс күні құрметіне ұйымдастырылған шараға қатысқан.

XS
SM
MD
LG