Аслиддин Шарифов Ресейде былтыр қыркүйекте ұсталған. Оны таяуда Тәжікстанның құқық қорғау органдарына өткізіп берген.
Шарифовтің қазір қайда екені белгісіз.
Оның туыстарының сөзінше, Аслиддин Шарифовке тыйым салынған ұйымдармен қызметтесті деген айып тағылған. Бұл бап бойынша, ол бес жылдан сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін.
Аслиддиннің ағасы Шавкат Шарифов оны қазір қайда ұстап отырғанын анықтай алмай жатқанын айтады. Оның сұрауына билік өкілдері жауап бермеген.
2022 жылы Душанбенің сұрауы бойынша 100-ге жуық тәжікстандық экстрадицияланған. Олардың 18-не терроризм және экстремизм бойынша айып тағылған. Олардың көбі ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілген.
36 жастағы Аслиддин Шарифов Соғды облысының тумасы, үш баланың әкесі. Ол 2016 жылдан бері Ресейде тұрып, жұмыс істеп келген.